❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

Көптілділік – болашаққа бастар жол!

  • 28.04.2026
  • KZ
  • 378

image

Көптілділік – болашаққа бастар жол!

Факультетіміздің Теология білім беру бағдарламасының 1-курс студенті Ільясов Ділмұхаммед Ілдарұлы Қазақстан Республикасының «Ұлттық құндылықтар академиясы» Түркістан облыстық филиалы ұйымдастырған
«Мамандық таңдауда тіл білудің маңыздылығы» атты халықаралық форумға қатысып, жас буынға тіл үйренудің маңызын түсіндірді.

Бүгінде студентіміз ағылшын, испан, орыс, түрік, араб және өзбек тілдерін еркін меңгерген. Ол өз тәжірибесі арқылы тіл білудің тек білім ғана емес, үлкен мүмкіндіктерге жол ашатынын нақты мысалдармен жеткізді.

Жастарға бағыт-бағдар беріп, болашаққа сенім ұялатқан бұл кездесу жоғары деңгейде өтті.

✨ Тіл – тек қарым-қатынас құралы емес, ол – жаңа мүмкіндіктердің кілті!