Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысу
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысу
Өзбекстан халықаралық исламтану академиясы базасында «Жаңа Орталық Азия интеграциясының саяси-экономикалық және мәдени-гуманитарлық аспектілері» тақырыбында дәстүрлі халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Аталған ғылыми жиынға Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Тәжікстан Республикасынан жетекші ғалымдар мен сарапшылар қатысып, өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
Конференцияның негізгі мақсаты – Орталық Азия мемлекеттері арасындағы өзара сенімге негізделген ынтымақтастықты нығайту, өңірдегі интеграциялық үдерістерді жан-жақты саралау және мәдени-гуманитарлық жақындыққа сүйенген тұрақты интеграция моделін жетілдіру болды.
Халықаралық деңгейде өткен бұл маңызды ғылыми алаңда Теология факультетінің PhD, аға оқытушысы Б. Темирханов
«Түркістан жәдитшілерінің діни көзқарасы» тақырыбында баяндама жасады.
Баяндама барысында жәдитшілдік қозғалыстың діни-ағартушылық бағыттағы ерекшеліктері, оның Түркістан өңіріндегі рухани жаңғыру үдерісіне ықпалы және қазіргі заманғы діни ой-пікірмен сабақтастығы ғылыми тұрғыда жан-жақты талданды.
Аталған конференция – Теология факультетінің ғылыми әлеуетін арттыруға, халықаралық тәжірибе алмасуға және рухани-ғылыми байланыстарды нығайтуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.