❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC жабу үшін

STUDY IN KAZAKHSTAN: ОҚУ ОРДАМЫЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕГЕ ҚАТЫСТЫ

  • 05.05.2026
  • KZ
  • 389

image
Әзербайжанның Баку қаласында «Study in Kazakhstan» атты халықаралық білім беру көрмесі өтті. Көрмеге университетіміздің делегациясы мен еліміздің 20-дан астам жоғары оқу орны қатысты.
 
Айтулы көрме талапкерлерге, студенттер мен ата-аналарға, білім беру агенттіктеріне, сондай-ақ Әзербайжан университеттерінің өкілдеріне арналды.
 
Іс-шараның ресми ашылуында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел:
 
«Соңғы бір жылдың ішінде Қазақстанда білім алып жатқан әзербайжандық студенттердің саны екі есеге артты. Бүгінгі көрме де осы көрсеткіштің одан әрі өсуіне өз үлесін қосады деп сенеміз»,-деді.
 
Айта кетейік, оқу ордамыздың делегация мүшелері ретінде Түркология ҒЗИ директоры Халил Четин мен Қабылдау комиссиясының хатшысы Нұрбол Байбахов қатысты. Олар қатысушыларға университетіміздің білім беру бағдарламалары, гранттар мен жеңілдіктері жөнінде кеңінен ақпарат берді. Сондай-ақ, студенттік өмірдің мүмкіндіктері туралы баяндады.
 
Осылайша, аталған жиын университетіміздің халықаралық деңгейдегі беделін арттырып, шетелдік талапкерлермен байланысын нығайтуға мүмкіндік берді.