❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC жабу үшін

ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР ЖӘНЕ ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНДЕРІ ТОЙЛАНДЫ

  • 06.05.2026
  • KZ
  • 629

image

Бүгін оқу ордамызда жылдағы дәстүрге сай 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған салтанатты мерекелік концерт өтті. 

Салтанатты кештің мақсаты – ел қорғаған батыр бабалардың ерлігіне құрмет көрсету, жастар бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыру. 

Мерекелік шара Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасының мемлекеттік әнұрандарын орындаумен басталды. 

«Атамекен» ұлт аспаптар фольклорлық ансамблі Мұрат Сыдықовтың «Батыр баба» күйін күмбірлетіп, Сүлейман Шолпанның «Гүзел Түркістан» туындысын әуелете шырқады.

Концерттік бағдарлама барысында ұлттық рухты көтеретін әндер мен билерді университет өнерпаздары орындап, рухани әсер сыйлады.

Атап айтқанда, «Би Сұлтан» би ансамблі орындаған «Таңбалар» және «Дала рухы» билері қазақ халқының терең тарихынан сыр шертті. Қоюшы-балетмейстер – Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Гүлназия Тәуекелова.

Сондай-ақ, Өнер, медиа және дизайн факультетінің «Эстрадалық өнер» мамандығының студенттері Зарема Сабден, Мерей Сабден мен Айдана Қайролбекова орындаған композитор Арман Дүйсеновтың «Туған жер» әні туған өлкеге деген сағыныш сезіміне бөледі. 

Одан әрі «Сәлем саған, туған ел» әнін Еңлік Сәдуақас пен Оразалы Бодаубек, «Туған жер» әнін XVIII Республикалық студенттік эстрадалық ән байқауының І орын иегері  Еділхан Нұрғазы жүрекке жеткізіп орындады.

Кеш барысында университет өнерпаздарының орындауындағы «Мен қазақпын» және «Қазақстаным» әндері көрермендерге рух берді.

Мазмұнды әрі тағылымы мол мерекелік кеш егемен елдің бақытты ұландары екенімізді ұқтырды.