PhD Омарова Балнұр Әділбекқызы «500 ғалым» бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамасын сәтті аяқтады.



Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. Медицина факультеті. Қоғамдық денсаулық сақтау және ғылыми зерттеулер кафедрасы. Кафедрамыздың мүшесі, PhD Омарова Балнұр Әділбекқызы «500 ғалым» бағдарламасы аясында Америка Құрама Штаттарындағы Калифорния университеті, Сан-Диего (University of California, San Diego) базасында «Public, Environmental and Occupational Health» бағыты бойынша ғылыми тағылымдамасын сәтті аяқтады.
Жинақталған тәжірибе мен кәсіби біліктілігін арттыра отырып, Омарова Балнұр Әділбекқызы «Қоғамдық денсаулық сақтау және ғылыми зерттеулер» кафедрасының меңгерушісі қызметін жалғастыруда.
Бұл жетістік кафедрамыздың ғылыми әлеуетін нығайтып, білім беру сапасын жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді деп сенеміз.