УНИВЕРСИТЕТІМІЗДІҢ  ПРОФЕССОРЫ  МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ АТАНДЫ

  • 22.05.2024
  • KZ

image

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай, елордамыз Астана қаласында мәдениет саласының бірқатар үздік қызметкерлері ведомствалық наградамен марапатталды.

Марапат иелерінің қатарында оқу орнымыздың профессоры, Түркістан облысына ғана емес, республикамызға танымал композитор Бекжігіт Сердәлі де болды.

«Астана балет» театрында өткен салтанатты шарада ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева университетіміздің профессоры Бекжігіт Сердәліге «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін табыс етті. 

Айта кетейік, университетіміздің «Журналистика» кафедрасының профессоры Бекжігіт Сердәлі тек шәкірт тәрбиелеп қана қоймай, еліміздің мәдениет саласына өзіндік үлесін қосып жүрген өнер иесі. Композитордың «Жас жұбайлар», «Неге, неге», «Ауыл жатыр той жасап», «Ризамын» сияқты әндері көптің көңілінен орын алған. Сонымен қатар, Бекжігіт Сердәлі – Түркістан, Кентау қалаларының, Сауран ауданының құрметті азаматы.