«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» КОНЦЕПЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ



21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай «Таза Қазақстан» концепциясы аясында қаламыздың мәдениеті мен руханиятының дамуына зор үлес қосқан Райымбек Сейтметовтың есімі берілген көшеде тазалық жұмыстары өтті.
Тазалық шарасын оқу ордамызыдың Өнер, медиа және дизайн факультеті мен Райымбек Сейтметов атындағы сазды-драма театры бірлесіп ұйымдастырды.
Шараның негізгі мақсаты – жастар арасында экологиялық жауапкершілікті арттыру, қоғамдық ортаға жаңашыл көзқарас қалыптастыру және тазалық мәдениетін дәріптеу.
Іс-шараға Әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Еділ Төлегенов, Өнер, медиа және дизайн факультетінің деканы Дархан Елжанов, сондай-ақ факультеттің 100-ге жуық студенті мен оқытушылары қатысып, қоршаған ортаны таза ұстау мәдениетін насихаттауға өз үлестерін қосты.
Тағылымды шара жастардың табиғатқа деген жанашырлығын арттырып, қоғамда тазалық мәдениетінің қалыптасуына ықпал етті.
Сенбіліктің мақсаты тек тазалық жұмыстарын жүргізумен шектелмей, бірлік пен еңбекті дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау және қоршаған ортаны аялау арқылы қоғамды ізгілікке үндейтін құндылықтарды қалыптастыруға бағытталды.