❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

“№-111 мектебі Навои Шымкент қаласы” оқушыларға арналған профориентациялық іс-шара

  • 19.05.2026
  • KZ
  • 277

image

“№-111 мектебі Навои Шымкент қаласы” — оқушыларға арналған профориентациялық іс-шара Сонымен қатарстуденттерден алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын үйрендіТәжірибелі мамандармен кездесіпмедицина жолындағы маңызды сұрақтарға жауап алдыБұл — болашақ дәрігерлерге бағыт беретін алғашқы қадам Мектеп түлектерінің таңдауы – МЕДИЦИНААдам өмірін сақтапденсаулығын қорғау – ең қасиетті мамандықтардың біріБүгінгі мектеп түлектері өз болашағын медицинамен байланыстырыпжауапты әрі абыройлы жолды таңдауда.
Дәрігер болу – тек мамандық емесбұл – үлкен жүректерең білім және шексіз жауапкершілікӘрбір түлек осы жолды таңдай отырып, қоғамға пайда әкелуді, адам жанына араша болуды мақсат етеді. Егер сен адамдарға көмектескің келсе, Егер сен үлкен жауапкершіліктен қорықпасаң, Егер сен болашағыңды мәнді еткің келсе – онда сенің таңдауың – МЕДИЦИНА! Болашақ дәрігерлерге сәттілік! Армандарыңыз ақ халатпен жүзеге ассын! Іс-шараның мақсаты – мектеп оқушыларына медицина саласын таныстыру, болашақ мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру және университеттің білім беру мүмкіндіктері туралы ақпарат беру.
Сонымен қатар, медицина факультетінің студенттері мектеп түлектеріне алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын тәжірибе жүзінде көрсетіп, түрлі практикалық жаттығулар ұйымдастырды. Оқушылар тәжірибелі мамандармен және болашақ дәрігерлермен кездесіп, медицина саласына қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Кездесу барысында медицина мамандығының маңыздылығы, дәрігерлік қызметтің жауапкершілігі мен адам өміріндегі орны ерекше атап өтілді. Іс-шара оқушыларға мамандық таңдауда бағыт-бағдар беріп, олардың медицина саласына деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.
Ұйымдастырушы: Медицина факультеті, Қоғамдық денсаулық сақтау және ғылыми зерттеулер кафедрасының б.ғ.к. доценті Оспанова Э.Н