❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

КҮРШАД ЗОРЛУ ІІ ДӘРЕЖЕЛІ «ДОСТЫҚ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

  • 21.05.2026
  • KZ
  • 700

image

Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Жарлығымен Түркия Республикасы «AK Parti» (Әділет және даму партиясы) төрағасының орынбасары, «AK Parti» партиясының Түркі мемлекеттерімен байланыс жөніндегі төрағасы, Анкара қаласының депутаты, профессор, доктор Күршад Зорлу ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды.

Айта кетейік, «Достық» ордені - ҚР жоғары марапаттарының бірі, онымен қоғамдағы татулықты сақтау жөніндегі жемісті жұмысы үшін, халықтар арасындағы бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сіңірген еңбегі үшін марапатталады.

Бұл марапат – Күршад Зорлуның түркі әлемінің бірлігі мен ынтымақтастығын нығайтуға, Қазақстан мен Түркия арасындағы бауырластық қарым-қатынастарды дамытуға қосқан елеулі еңбегінің жемісі.

Тек Қазақстанның ғана емес, оқу ордамыздың да жанашыры, сенімді серіктесі болған Күршад Зорлуны айтулы марапатымен құттықтаймыз!