❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

Бүгінгі студент — ертеңгі көшбасшы!

  • 21.05.2026
  • KZ
  • 210

image

Бүгінгі студент — ертеңгі көшбасшы!

2026 жылғы 21 мамыр күні Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Теология факультетінің Дінтану кафедрасында «Бүгінгі студент — ертеңгі көшбасшы!» тақырыбында еркін форматтағы мотивациялық кездесу өтті. Кездесудің қонағы — Қожа Ахмет Ясауи атындағы Дінтану кафедрасының түлегі, Түркістан облысы дін істері басқармасы “Дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ директор орынбасары, қоғам белсендісі, жас көшбасшы Тағай Айбек Жолдасбекұлы болды.

Іс-шара барысында білім алушылар мен оқытушы-профессорлар құрамы ашық пікір алмасып, қазіргі қоғамдағы жастардың рөлі, көшбасшылық қасиеттерді дамыту, білім мен руханияттың маңызы төңірегінде ой бөлісті. Қонақ өз тәжірибесімен бөлісіп, студенттерге мақсат қою, өзін-өзі дамыту және қоғамдық белсенділік бағытында мотивациялық кеңестерін ұсынды.

Кездесу еркін әрі әсерлі форматта өтіп, қатысушылар көкейдегі сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды. Шара соңында студенттер мұндай тағылымды кездесулердің олардың тұлғалық дамуына оң ықпал ететінін атап өтті.