Бүгін оқу ордамызда Жастар орталығының ұйымдастыруымен «Yasawi жұлдызы – 2026» атты үздік студенттерді марапаттауға арналған салтанатты кеш өтті.
Кештің мақсаты – Қожа Ахмет Ясауи мұрасын насихаттау арқылы жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру. Сондай-ақ оқу, ғылыми-зерттеу және қоғамдық қызметте белсенділік танытқан студенттерді марапаттау және оларды ынталандыру.
Салтанатты кешке Түркия Республикасының Түркістан қаласындағы Бас консулы Левент Гуржан, Түркістан қаласы Мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Қадырболат Мұсағалиев,Халықаралық туризм және меймандостық университеті ректоры Бекежан Мырзаев, университетіміздің ректоры Жанар Амангелдіқызы,Академиялық мәселелер бойынша вице-ректор Элмира Идрисова, Ғылым және стратегиялық даму вице-ректоры Айнаш Ошибаева, Қаржы және Халықаралық байланыстар вице-ректоры Мустафа Гиритлиоғлу, Әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Еділ Төлегенов, университет қызметкерлері және студенттер қатысты.
Шара аясында студент жастардың жыл бойғы жетістіктерінен құралған арнайы шоу-бағдарлама ұсынылды. Студенттік парламент, «Шаңырақ» клубтар координациясы, кәсіби бағдар беруге жауапты амбассадорлар шығармашылық қойылымдарын көпшілік назарына ұсынды.
Сонымен қатар «Таза Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» тақырыбындағы сахналық көріністер, ән мен би композициялары кештің мазмұнын аша түсті.
Мерекелік шарада «Би сұлтан» би ансамблі мен күміскөмей әнші жастар өз өнерлерін ортаға салып, кештің сәнін келтірді.
Марапаттау кешінде алғаш сөз тізгінін алған университет ректоры Жанар Темірбекова: «Университетімізді және екі елдің достығын паш етіп жүрген студенттерді бүгін қара шаңырақта марапаттаймыз. Осында отырған әрбір студент мен үшін – Ясауи жұлдызы! Бізде ұйымшыл топтар өте көп. Студенттер қай топта белсенділік танытқыңыз келсе де есігіміз ашық», - деді.
Бұдан әрі ректор кештің алғашқы марапат иелері — республикалық пәндік олимпиада жеңімпаздары мен жүлдергерлерін марапаттады.
Түркістан қаласы Мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Қадырболат Мұсағалиев білім ордамызда ғана емес, қала деңгейінде де өз белсенділігімен көзге түсіп, қоғамдық өмірдің дамуына елеулі үлес қосқан белсенді жастарға Түркістан қаласы әкімі Әзімхан Пазылханұлының алғыс хатын табыстады.
Сонымен қатар, Түркия Республикасының Түркістан қаласындағы Бас консулы Левент Гуржан халықаралық пәндік олимпиадалардың жүлдегерлерін марапаттады.
Бұдан әрі университет басшылары «Үздік студент», «Үздік студенттік деканат», «Үздік клуб»,«Үздік көшбасшы» «Үздік студенттік декан», «Үздік клубтың төрағасы»,«Үздік ерікті (белсенді), «Үздік азаматтық үлес», «Үздік 1-ші курс көшбасшысы» «Үздік жас ғалым», «Үздік стартап идеясы», «Заң мен тәртіп идеологиясын насихаттаушы», «Таза Қазақстан қозғалысының көшбасшысы» «Үздік капитан», «Үздік гид», «Үздік елші», «Үздік түркі әлемі көшбасшысы», «Үздік медиа жұлдызы» «Үздік спортшы», «Үздік өнерпаз», «Үздік әнші», «Үздік жүргізуші», «Үздік биші» , «Үздік бітіруші түлек» номинацияларының иегерлерін анықтады.
Осылайша, «Yasawi жұлдызы – 2026» кеші студент жастардың жетістіктерін ұлықтап, олардың білімге, шығармашылыққа және қоғамдық белсенділікке деген ынтасын арттырған мазмұнды шара болды.