❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

СЕНАТ МӘЖІЛІСІНІҢ №10 ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

  • 22.05.2026
  • KZ
  • 628

image

Университетімізде Сенат мәжілісінің №10 отырысы өтті. Жиынға Сенат мүшелері, құрылымдық бөлім басшылары, оқытушы-профессорлар құрамы қатысты. 

Сенатта, ең алдымен, ректор Жанар Темірбекова мен Қаржы және халықаралық байланыстар вице-ректоры Мустафа Гиритлиоглу университетіміздегі қызмет мерзімі аяқталған Түркиялық ғалымдарға алғыс хат табыстады. Атап айтқанда оқытушы - профессорлар Жасым Авжы мен Мехмет Өзереге, Шүкру Думлу және Давут Шахинға шапан жауып, сый-құрмет көрсетті.     

Ал, ресми бөлімде Академиялық департамент директоры Ардақ Бостанова 2026-2027 оқу жылының Академиялық күнтізбесін бекіту туралы баяндама оқыды. Одан әрі әр түрлі мәселелер қаралды. 

Сенат мүшелері университет ОПҚ-ның құжаттарын ғылыми атақ алу үшін ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне ұсыну туралы шешім қабылдады. 

Бұған қоса, университет ОПҚ-ның дайындаған оқулық, оқу құралын бекітіп, РОӘК-не Гриф алуға және баспаға ұсынды.

Сонымен қатар, Ғылыми кадрларды даярлау және аттестаттау бөлімінің басшысы Абзал Досболов Жоғары білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша 2025–2026 оқу жылының қысқы кезеңінде қабылданған докторанттардың тақырыптарын бекіту туралы айтты.