❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

Иманбекова Маншук Мәжитқызы профориентациялық жұмыс аясында мектептер мен колледждерде ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын жүргізді

  • 25.05.2026
  • KZ
  • 102

image

Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының PhD аға оқытушысы Иманбекова Маншук Мәжитқызы профориентациялық жұмыс аясында мектептер мен колледждерде ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын жүргізіп, талапкерлерге университеттің білім беру бағдарламалары, оқу үдерісі, студенттік өмірі және академиялық мүмкіндіктері туралы жан-жақты мәлімет берді. Осы мақсатта ол «Болашақ» колледжіне арнайы барып, түлектермен кездесу өткізіп, жастарға заң факультетіне түсу мүмкіндіктерін таныстырып, құқық саласындағы мамандықтардың маңызы мен болашағын түсіндіріп, қабылдау талаптары мен оқу шарттарын егжей-тегжейлі баяндады.