❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

Теология және Заң факультеттерінің бірлескен кездесуі өтті

  • 28.05.2026
  • KZ
  • 69

image

Университетіміздің Теология факультеті мен Заң факультетінің “Конституциялық және азаматтық құқық” кафедрасының меңгерушісі Першеев Алишер Сапарбековичтың ұйымдастыруымен бірлесіп ұйымдастыруымен сот сараптамасы саласының маманы, сот сараптамасы қызметкері Мирзаходжаев Абдулла Абибуллаваич студенттермен кездесу өткізді.

Кездесу барысында қонақ сот сараптамасының қоғамдағы рөлі, құқық қорғау жүйесіндегі маңызы және сараптама жүргізу процесінің ерекшеліктері туралы жан-жақты мәлімет берді. Сонымен қатар, қазіргі таңда сот сараптамасы саласында кездесетін өзекті мәселелер мен кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.

Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сарапшыдан нақты жауаптар алды. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар үшін пайдалы әрі тағылымды болды.

Іс-шараның негізгі мақсаты — студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, сот сараптамасы саласына деген қызығушылығын ояту және теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру.

Кездесу соңында ұйымдастырушылар қонаққа алғыс білдіріп, естелік суретке түсті.