❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

Теология факультетінде дінтанулық білім беру мен ғылыми тәжірибе мәселелері талқыланды

  • 27.05.2026
  • KZ
  • 185

image

Теология факультетінде дінтанулық білім беру мен ғылыми тәжірибе мәселелері талқыланды

Бүгін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Теология факультетінің профессор-оқытушылары — Ф. Камалова, М. Төлегенов және Ж. Қасымбеков «Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы» әдістемелік жұмыс және жинақтау департаментінің бас сарапшысы Мазан Жансұлу Дәулетқызымен мазмұнды кездесу өткізді.

Кездесу барысында шетелдік және қазақстандық дінтанулық білім беру жүйесінің ерекшеліктері, шетелде білім алып келген мамандардың кәсіби тәжірибесі мен қазіргі жай-күйі, сондай-ақ шетелде білім алудың тетіктері кеңінен талқыланды.

Сонымен қатар Қазақстан аумағындағы мазарлардың салыну ерекшеліктері мен олардың бірізділігі мәселелері де сараланып, қатысушылар арасында өзара пікір алмасу өрбіді. Кездесу аясында факультет ғалымдары көтерілген сұрақтарға жан-жақты жауап беріп, өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Мұндай кәсіби кездесулер тәжірибе алмасуға, өзекті ғылыми мәселелерді талқылауға және салааралық байланысты нығайтуға маңызды мүмкіндік береді.

Құрметті қонағымыз Мазан Жансұлу Дәулетқызына уақыт бөліп, тәжірибесімен және құнды пікірлерімен бөліскені үшін алғысымызды білдіреміз!