❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

«Түркістан» көпсалалы жоғары колледжінде ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.

  • 01.06.2026
  • KZ
  • 78

image

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының PhD, аға оқытушысы Нартай Ажар Нартайқызы талапкерлерді университетке тарту және кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізу мақсатында Түркістан қаласындағы «Түркістан» көпсалалы жоғары колледжінде ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.

Кездесу барысында колледж түлектеріне университеттің білім беру бағдарламалары, оқу үдерісінің ерекшеліктері, студенттік өмір, академиялық ұтқырлық бағдарламалары мен халықаралық мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар заң факультетінде жүзеге асырылатын білім беру бағдарламалары таныстырылып, құқық саласындағы мамандықтардың қоғамдағы рөлі мен еңбек нарығындағы сұранысы кеңінен түсіндірілді.

Іс-шара аясында талапкерлерге университетке қабылдау талаптары, оқу шарттары, білім алушыларға ұсынылатын академиялық және әлеуметтік қолдау тетіктері жөнінде мәліметтер ұсынылды. Студент атануға ниетті жастар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, университеттің білім беру мүмкіндіктерімен жақынырақ танысты.

Мұндай кәсіби бағдар беру кездесулері жастардың болашақ мамандығын саналы таңдауға бағыт беріп қана қоймай, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің білім беру әлеуетін кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді.