КЛИНИКА-ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ БАЛАЛАРҒА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ КҮЙ СЫЙЛАДЫ



1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай университетіміздің Клиника-диагностикалық орталығы ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға мерекелік көңіл күй сыйлады.
Іс-шара барысында бүлдіршіндерге арнайы сыйлықтар табысталып, көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын түрлі мерекелік бағдарламалар ұйымдастырылды. Осылайша, бұл күн – балалардың шат күлкісі мен қуанышты сәттеріне толы болды.
Балаларға қамқорлық көрсету, олардың бақытты әрі қауіпсіз ортада өсуіне жағдай жасау – қоғамның маңызды міндеттерінің бірі. Осындай игі істі мақсат еткен Клиника-диагностикалық орталық қызметкерлері балаларға қуаныш сыйлады.
Барша бүлдіршінге зор денсаулық, жарқын болашақ және бақытты балалық шақ тілейміз!