❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

Қазақстан Республикасындағы көші-қон қызметінің бағыттарын түсіндіру жұмыстары.

  • 03.06.2026
  • KZ
  • 52

image

 

 Қатысушылар: Бөлім басшысытоп тәлімгерлері және Қазақстан Республикасының азаматтыры болып табылмайтын ұлты қазақ тыңдаушылар 

 

Күн тәртібінде: 

 

Қазақстан Республикасындағы көші-қон қызметінің бағыттарын түсіндіру жұмыстары.

           Мақсаты: Көші-қон – бұл тек адамдардың бір жерден екінші жерге қоныс аударуы ғана емес, елдің әлеуметтік, экономикалық және рухани дамуына тікелей әсер ететін күрделі құбылыс. Қазақстан үшін көші-қон саясаты - ұлттың бірлігі мен тұтастығын сақтау, халықтың тең дамуын қамтамасыз ету жолындағы стратегиялық бағыттардың бір екендігін түсіндіру. 

Жиын барысы: Университеттің шетел азаматтарына Қазақстан Үкіметі көші-қон процесін жүйелі түрде жүргізу үшін «2023-2027 жылдарға арналған көші-қон саясатының тұжырымдамасын» қабылдағанын айтып өтті. Бұл құжаттың басты мақсаты - ел ішінде еңбек ресурстарын тиімді бөлу, өңірлер арасындағы халықтың тең орналасуын қамтамасыз ету және қандастарды елге қайтару үдерісін жеңілдету. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен соңғы жылдары халық саны аз өңірлерге бағытталған ішкі көші-қон саясатына ерекше көңіл бөлініп жатқаны айтылды. Осы мақсатта Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Абай облыстары көші-қонды қабылдаушы аймақтар ретінде белгіленгені және бұл өңірлерде жаңа жұмыс орындары ашылып, инфрақұрылымдық жобалар қарқынды даму үстінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы түсіндірілді.