❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!

  • 04.06.2026
  • KZ
  • 136

image

Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!

Бүгін факультетімізде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен танымдық кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында факультет деканы Абжалов Сұлтанмұрат әріптестерді мерекемен құттықтап, мемлекеттік рәміздердің тәуелсіз еліміздің тарихы мен тағдырындағы ерекше орнына тоқталды. Сонымен қатар, Ту, Елтаңба және Әнұранның ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы, патриоттық рухты нығайтудағы маңызын атап өтті.

Кездесудің жалғасы ретінде профессор-оқытушылар арасында мемлекеттік рәміздер тақырыбы бойынша арнайы дайындалған сұрақтар негізінде «Kahoot» интеллектуалдық ойыны өткізілді. Қатысушылар сұрақтарға белсенді жауап беріп, өз білімдерін сынады әрі мемлекеттік рәміздерге қатысты көптеген қызықты мәліметтермен танысты.

Ойын соңында қатысушылар іс-шараның мазмұнды әрі танымдық деңгейде өткенін атап өтіп, мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін толықтырғандары үшін ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың мақтанышы, тәуелсіздігіміздің нышаны және ұлттық бірлігіміздің символы. Оларды құрметтеу – әрбір азаматтың қасиетті парызы.