«МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ТӘУЕЛСІЗДІК ПЕН ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІҢ СИМВОЛЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Оқу ордамызда «Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік пен ұлттық бірегейліктің символы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – ҚР мемлекеттік рәміздерінің тарихи маңызы мен рухани құндылығын насихаттау, жастардың патриоттық санасын қалыптастыру және ұлттық бірегейлікті нығайту.
Шараға Әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Еділ Төлегенов пен Жастар саясаты департаментінің қызметкерлері қатысты.
Жиын барысында қатысушылар мемлекеттік рәміздердің қалыптасу тарихы, олардың қоғамдағы рөлі, заманауи маңызы мен жастар тәрбиесіндегі орны туралы ой қозғады.
Сонымен қатар, білім алушылардың ғылыми-зерттеу белсенділігін арттыру, азаматтық жауапкершілігін күшейту және елге деген құрмет сезімін қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Жиын ұлттық құндылықтарды дәріптеу, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру және жастардың отансүйгіштік рухын нығайту бағытындағы маңызды пікір алмасу алаңына айналды.