❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

«IQ АЛАМАН – 2026» XII республикалық байқауда студенттеріміз жеңіпаз атанды

  • 07.05.2026
  • KZ
  • 96

image

 

QyzPU-да Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ЖИ технологияларын дамыту жөніндегі бастамалары мен «AI-Sana» бағдарламасын қолдау аясында «IQ АЛАМАН – 2026» XII республикалық байқауы ұйымдастырылды. Шараны Физика, математика және цифрлық технологиялар институтының Ақпараттық технологиялар және кітапхана ісі кафедрасы өткізді.
???? Шараның мақсаты – студенттердің ғылыми-зерттеу және зияткерлік әлеуетін арттыру.
???? Биылғы сайысқа еліміздің түпкір-түпкірінен (Тараз, Шымкент, Түркістан, Талдықорған, Көкшетау және Алматы) 10 жетекші жоғары оқу орнының командалары қатысты.
???? Сайыс «AI Battle», «IQ Coding», «AI Network» және «AI Project» атты төрт мазмұнды кезеңнен тұрды. Қатысушылар жасанды интеллект көмегімен Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) шешуге бағытталған арнайы AI-агенттер әзірлеп, оны сарапшылар алдында қорғап шықты.

✨Байқау қорытындысы бойынша, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, «IKTU Engineering» командасы 1-орын, Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінен «Zhanibekov» командасы 2-орын, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, «Justice» командасы және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінен «Async» командасы 3-орын иеленіп, барлық қатысушыларға сертификаттар мен алғыс хаттар табысталды. https://www.instagram.com/reel/DXgpoR5CA82/