"Ілияс әлемі" атты дәстүрлі республикалық студент -жастар фестивалі



23-сәуірде Талдықорғанда "Ілияс әлемі" атты дәстүрлі республикалық студент -жастар фестивалі өтті. Университетімізден ғылыми жетекшілік жасап ҚЖО мүшесі, қауымдастық профессоры Досбол Ислам студенттерін қатыстырды. Нәтижесінде: "Өлең деген - әр сөздің ұнасымы" конкурсының бас жүлдесін Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Филология факультеті Фқф-311 тобы студенті Қуандық Ілияс Серперұлы иемденді. 2-орын филология факультеті Фқф-311 тобы студенті Айсұлу Арманқызына бүйырды. Қолдау танытқан университет ректоры Жанар Амангелдіқызына алғыс.