❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

«Сюжет артындағы сыр: авторлық құпиялар» атты жазушы Н.Ақышпен кітапхана қызметкерлерімен бірлесе өткізілген әдеби-интерактивті подиум кездесу

  • 09.06.2026
  • KZ
  • 175

image

Студенттерді креатив элементтер арқылы жазушының шығармашылық көркемдік сұлулығын сезіне білуге, әдебиетке құштар болуға баулу мақсатында топ эдвайзері Г.Абиханова «Сюжет артындағы сыр: авторлық құпиялар» атты жазушы Н.Ақышпен кітапхана қызметкерлерімен бірлесе әдеби-интерактивті подиум кездесу өткізді.

«Жазушы әлеміне есік ашу» бөлімінде залдағы жарық сөнгенде экранда жазушы туралы видео-ролик көрсетіліп, баяу домбырадағы әдемі ән орындалып, музыка бәсеңдеп, жарық жанады. Тәлімгер ортаға шығып,  қазақ әдебиетінің дәстүрлі арнасы прозалық жанр, бүгінде жаңа бағыттармен, жаңа есімдермен толығып, көркемдік ізденістер мен мазмұндық жаңғырулардың жаңа сатысына көтерілгенін, осы әдеби үдерісте өзіндік жазушылық стилі мен көркемдік концепциясын қалыптастырып, ұлттық прозаның жаңашыл арналарына елеулі үлес қосып жүрген қаламгер Нұрдәулет Ақышты студенттерге таныстырды. Жазушының «Нағыз әже қайда?» әңгімесінен «Сюжет сахнада» атты әдеби көрініс қойылды. «Авторлық құпиялар» атты TALK-SHOW –сахнададағы креслоларда жазушы мен тәлімгердің еркін сұхбат форматы жүргізілді. Әр жазушы – өз әлемінің сәулетшісі. Нұрдәулет Ақыштың әлемі – біздің рухани кеңістігіміздің бір бөлігі. Жазушыға тәлімгер әдебиетке қосқан еңбегі мен рухани сөзге адалдығына алғыс білдіріп, барлығы сахнада естелік суретке түсті.