«Абай арманы, ел үміті – жағымды, жақсы, толық адам»



6В01617 – Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының ФҚӘ-311 А, Б және ФҚӘ-312 топтарының қатысуымен «Абай арманы, ел үміті – жағымды, жақсы, толық адам» атты тағылымы терең, рухани азығы мол кеш өтті. Бұл игі шараның басы-қасында жүріп, студенттердің бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруде ерен еңбек еткен топ кураторы А. Даулетованың ұйымдастырушылық шеберлігі мен ұстаздық парасаты іс-шараның мазмұнын байыта түсті. Жиналған қауым Абай әлемінің жаңа қырларын танып, ақын армандаған «толық адам» бейнесіне рухани саяхат жасады. Кештің көркін ашып, тарихи танымды кеңейткен айрықша сәт – «Ұлы Дала Елі» орталығына қарасты Нәзір Төреқұлов музей-филиалынан келген арнайы қонақтардың қатысуы болды. Музей меңгерушісі Роза Асанова, қор сақтаушысы Айман Мырзабекова және тәжірибелі экскурсия жетекшілері Нұрболат Несіпбаев, Рима Сабирова, Гүлшат Қоңырбаева көздің жауын алатын құнды жәдігерлер мен мазмұнды көрмелерді таныстырды. Кәсіби мамандардың әрбір сөзі мен ұсынған көрмелері студенттерді өткен күннің өнегесімен қауыштырып, Абай заманы мен тұлғалар тағдырын жақыннан сезінуге мүмкіндік берді. Іс-шара соңында абайтанушы ғалым-оқытушы М.Әліпхан сөз сөйлеп, Абай Құнанбайұлының мұрасының бүгінгі қоғам үшін маңыздылығына тоқталды.