❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

«ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: ЗИЯТКЕРЛІК ЖӘНЕ МӘДЕНИ ДАМУ» АТТЫ ТАҒЫЛЫМДЫ СЕМИНАР БАСТАЛДЫ

  • 16.06.2026
  • KZ
  • 423

image

Бүгін оқу ордамызда Түркі халықтарының зияткерлік ойындары (ғылыми-тәжірибелік) орталығының ұйымдастыруымен «Жаңа конституция: зияткерлік және мәдени даму» атты тағылымды семинар басталды.

Шараға Спорт факультетінің деканы Ермек Сейдахметов пен оқытушы-профессорлар құрамы қатысты.

Семинардың басты мақсаты – Спорт факультеті оқытушыларының кәсіби біліктілігін арттыру. Сондай-ақ, тоғызқұмалақ, мангала, бестемше сынды ұлттық зияткерлік ойындардың мәні мен маңызын насихаттау.

Тағылымды жиынның алғашқы бөлімінде Түркі халықтарының зияткерлік ойындары (ғылыми-тәжірибелік) орталығының директоры Қасымхан Дәуренқұлов зияткерлік ойындардың тарихына тоқталып, ойын ережесін толық түсіндірді.

Сонымен қатар, оқытушы-профессорлар құрамына тоғызқұмалақ, бестемше, мангала зияткерлік ойындарында қолданатын негізгі әдіс-тәсілдерді үйретті.     

Одан әрі, Түркі халықтарының зияткерлік ойындарының тағылымы жөнінде, оның логикалық ойлау қабілетті дамытудағы рөлі туралы кеңінен ақпарат берді.

Қатысушылар ойын ережесімен танысқан соң, топқа бөлініп, ойын тақталарында өздерін сынап көрді. Оқытушылар тоғызқұмалақ, бестемше, мангала ойындарында тиімді стратегия құрып ойнауды, қорғана отырып, шабуылдауды меңгерді. 

Айта кетейік, семинар жұмысы 56 сағат оффлайн, 16 сағат онлайн форматта жалғасады. Қатысушыларға алдағы уақытта арнайы сертификаттар табысталады.