«ЕУРО ОДАҚТЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ» АТТЫ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

  • 30.05.2024
  • KZ

image

Бүгін университетімізде Түркия Республикасының TUBITAK ұйымының Бас сарапшысы Фатих Шахинның «Еуро Одақтың Ғылыми технологиялық бағдарламалары» атты семинары өтті. 

Оқу ордамыздың Ғылым департаментінің ұйымдастырумен өткен семинардың басты мақсаты – ТУБИТАК пен университет ғалымдарымыздың байланысын нығайту, халықаралық жобаларды жоспарлау және қатысу, ғалымдарға берілетін мүмкіндіктерді талқылау. 

Келелі басқосуға университетіміздің ғалымдары,білімге құмар жастары, магистранттар мен докторанттары қатысты.

Ғалым Фатих Шахин баяндама барысында Еуропалық одақтың халықаралық жобалары жөнінде, Түркия мен Еуропалық одақ арасындағы халықаралық жобаларды жүзеге асыру тәжірибесі бойынша, сондай-ақ Қазақстан мен Түркия арасында халықаралық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері туралы баяндады.

Жиын барысында қатысушылар аталмыш тақырыпқа байланысты сұрақтарын қойып, пікір алмасты.