❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

ЖАС ТАЛАНТТАРДЫҢ СӘН ӘЛЕМІНЕ ЖАСАҒАН ҚАДАМЫ

  • 18.06.2026
  • KZ
  • 347

image
 
 
Оқу ордамызда Өнер, медиа және дизайн факультеті, Дизайн мамандығы бітіруші түлектерінің кешенді шығармашылық жұмыстарының сән көрсетілімі өтті.
Көрсетілімде жас дизайнерлердің авторлық топтамалары көпшілік назарына ұсынылды. Әрбір топтама автордың өзіндік қолтаңбасын, эстетикалық талғамын және сән индустриясына деген шығармашылық көзқарасын көрсетті.
Сән көрсетілімі аясында барлығы 16 авторлық топтама таныстырылды.
Айта кетейік, көпшілікке ұсынылған авторлық топтамаларды арнайы комиссия мүшелері бағалады. Комиссия құрамына Бейнелеу өнері кафедрасының меңгерушісі Гузал Масадикова, аға оқытушы Алмира Накбаева, аға оқытушы Асель Ерденова мен аға оқытушы Меруерт Сейсембекова бар. Ал, студенттер дайындаған жобалардың жетекшісі – Бейнелеу өнері кафедрасының аға оқытушысы Меруерт Сейсембекова болды.
Әр топтама – автордың шығармашылық ізденісі, шабыты мен тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Жас дизайнерлер өз жұмыстарында кәсіби шеберліктерін, көркемдік талғамдары мен сән әлеміне деген өзіндік көзқарастарын шебер жеткізе білді. Көрермен қауым да студенттердің еңбегіне жоғары баға беріп, қошемет көрсетті.