❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

УНИВЕРСИТЕТІМІЗ THE SUSTAINABILITY IMPACT RATINGS 2026 РЕЙТИНГІНДЕГІ ПОЗИЦИЯСЫН РАСТАДЫ

  • 25.06.2026
  • KZ
  • 39

image

Университетіміз Times Higher Education ұйымы жүргізетін THE Sustainability Impact Ratings 2026 рейтингінде жалпы көрсеткіш бойынша 1001–1500 орын диапазонындағы позициясын сақтады. Осылайша, БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру бағытындағы тұрақты нәтижесін тағы бір мәрте дәлелдеді. 

Биылғы рейтингке әлемнің 116 елi мен аумағынан 1 646 университет қатысып, бағалау БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 17 бағыты мен жалпы рейтинг бойынша жүргізілді. 

Оқу ордамыз «Денсаулық және игілік» (Good Health and Well-being) және «Сапалы білім беру» (Quality Education) бағыттары бойынша 601–800 орын диапазонында өз көрсеткішін сақтап қалды.

Сонымен қатар, «Лайықты еңбек және экономикалық өсу» (Decent Work and Economic Growth) бағыты бойынша оң нәтиже көрсетіп, 2025 жылғы 801–1000 орын диапазонынан 2026 жылы 601–800 орын диапазонына көтерілді. Ал, «Мақсаттар жолындағы серіктестік» (Partnerships for the Goals) бағыты бойынша 801–1000 орын диапазонында бағаланды.

Аталған нәтижелер университетіміздің білім беру сапасын арттыру, денсаулық сақтау, әлеуметтік жауапкершілік, лайықты еңбек қағидаттарын дамыту және тұрақты халықаралық серіктестікті нығайту бағыттарында жүйелі жұмыс жүргізіп отырғанын көрсетеді.

Халықаралық рейтингтегі тұрақты нәтижеге қол жеткізуге үлес қосқан барлық әріптестерімізге алғысымызды білдіреміз! Оқу ордамыздың алар асуы мен бағындырар белестері көп болсын!