❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

«МЕНІҢ ҚҰҚЫҒЫМ – МЕНІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІМ» АТТЫ ОНЛАЙН ҚҰҚЫҚТЫҚ КВИЗ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖ ӨТТІ

  • 26.06.2026
  • KZ
  • 38

image

Оқу ордамызда Жастар орталығының ұйымдастыруымен  «Жаңа Конституция және жастар: құқық, жауапкершілік, болашақ» тақырыбы аясында «Менің құқығым – менің жауапкершілігім» атты онлайн құқықтық квиз және ақпараттық челлендж өтті.  

Шараның мақсаты – жаңа Конституция нормаларын, азаматтық құқықтар мен міндеттерді түсіндіру арқылы жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Сондай-ақ, заңға құрмет, академиялық адалдық, қоғамдық тәртіп, цифрлық жауапкершілік және азаматтық белсенділік қағидаттарын қалыптастыру. 

Қатысушылар жаңа Конституция, жастардың құқықтары мен міндеттері, білім алу құқығы, академиялық адалдық, қоғамдық тәртіп, цифрлық жауапкершілік, әлеуметтік желідегі құқықтық мәдениет, волонтерлік қызмет және азаматтық белсенділік бойынша арнайы сұрақтарға жауап бере отырып, білімдерін сынады. Үздіктерге арнайы сый-сияпат табысталды.

Ал, ақпараттық челленджде студенттер әлеуметтік желілер мен факультеттердің чаттарында «Мен үшін Конституция – ...» тақырыбында ой-пікірлерін бөлісті. Сонымен қатар, құқықтық сауаттылықты насихаттайтын ақпараттық посттар мен стористер жариялап, қоғамдағы құқықтық мәдениетті дәріптеуге өз үлестерін қосты.

Шара нәтижесінде жастардың жаңа Конституция нормалары, құқықтық мәдениет, азаматтық жауапкершілік, академиялық адалдық және қоғамдық белсенділік жөнінде таным түсінігі артты. Әрі, заңға құрмет пен жауапкершілік қағидаттарын насихаттауға ықпал етті.

Айта кетейік, онлайн форматта өткен құқықтық квиз демалыста жүрген студенттердің де белсенді қатысуына мүмкіндік берді.