КЕЗЕКТІ СЕНАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

  • 30.05.2024
  • KZ

image

Бүгін университетімізде  №10 Сенат мәжілісі өтті. Жиынға Сенат мүшелері, құрылымдық бөлім басшылары, оқытушы-профессорлар құрамы қатысты. 

Басқосу университетіміздің оқытушы-профессорлар құрамын мерейтойларымен, әрі өзге де жетістіктерімен құттықтау рәсімімен бастау алды.  

Университет ректоры Жанар Темірбекова Педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі, доцент м.а Айман Рысбекованы 60 жас мерейтойымен құттықтады. Сондай-ақ, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі  «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін иеленген Дархан Елжанов пен Ермек Мамбетовты құттықтап, сый-сияпаттар табыстады.

Бұдан әрі күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша баяндамалар жасалды. Академиялық мәселелер вице-ректоры Элмира Идрисова 2024-2025 оқу жылының Академиялық күнтізбесін бекіту туралы баяндады.  

Сондай-ақ, Университет ОПҚ-ның дайындаған оқулық, оқу құралы, мен монографияларын бекіту, РОӘК-не Гриф алуға және баспаға ұсыну, Білім беру бағдарламасын ББ реестірінен шығару, Жоғары білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша магистратура, резидентура, докторантураға оқуға қабылдау ережеcін бекіту сынды т.б маңызды мәселелер қаралды.