❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

УНИВЕРСИТЕТТЕ БАСҚАРУ КЕҢЕСІНІҢ №10 ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

  • 26.06.2026
  • KZ
  • 17

image
Университетімізде 25-26 маусым күндері Басқару Кеңесінің 2026 оқу жылының І жарты жылдығын қорытындылауға бағытталған №10 отырысы өтті.
Жиынға Басқару кеңесі мүшелері, құрылымдық бөлім және ғылыми-зерттеу институтының басшылары, факультет декандары қатысты.
Екі күнге бекітілген кеңес барысында университеттің ағымдағы қызметінің нәтижелері сараланып, құрылымдық бөлімдер, факультеттер мен ғылыми-зерттеу институттарының атқарған жұмыстары талқыланды.
Сондай-ақ стратегиялық даму бағыттары бойынша жүзеге асырылған жұмыс қорытындылары тыңдалып, алдағы кезеңнің басым міндеттері айқындалды.
Күн тәртібіне сәйкес, қатысушылар, ең алдымен, Шаруашылық департаментінің жалпы атқарған жұмысының есебін тыңдады.
Оқу корпустары мен жатақханалардың материалдық-техникалық базасын нығайту, жөндеу жұмыстарын жүргізу, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту және университеттің шаруашылық қызметін жетілдіру бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылғаны айтылды.
Сондай-ақ, әр түрлі мәселелер бойынша кеңестің бірінші күні ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми-зерттеу орталықтарының директорлары 2026 жылдың І жарты жылдығына арналған даму бағытындағы есептерін ұсынды.
Екінші күні факультет декандары стратегиялық даму бағыттары бойынша атқарылған жұмыстарды баяндап, І жарты жылдық бойынша көрсеткіштері мен даму динамикасын таныстырды.
Басқару кеңес мүшелері баяндамалар негізінде білім беру, ғылыми-зерттеу және ұйымдастырушылық қызметтің нәтижелері, стратегия көрсеткіштерінің орындалу деңгейі, сондай-ақ, тұрақты институциялық даму, академиялық үстемдік және ғылыми-инновациялық әлеует бағыттары бойынша қол жеткізілген көрсеткіштерді жан-жақты саралады.
Сонымен қатар, кеңес қорытындысында көтерілген мәселелер бойынша тиісті шешімдерді қабылдап, университеттің академиялық, ғылыми-инновациялық және инфрақұрылымдық даму бағыттары бойынша алдағы кезеңге арналған басым бағыттар мен міндеттерді нақтылады.