«АСТАНА – ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ ТІРЕГІ, КОНСТИТУЦИЯ- МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Бүгін оқу ордамызда Астана күні мен Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай «Астана – Тәуелсіздіктің тірегі, Конституция – мемлекетіміздің темірқазығы» атты дөңгелек үстел өтті.
Тағылымды шараны Жастар орталығы ұйымдастырып, Әлеуметтік мәдени-даму вице-ректоры Еділ Төлегенов университеттің белсенді жастарымен кездесті.
Жиынның басты мақсаты – жастардың құқықтық мәдениетін арттыру, елорданың ел тәуелсіздігін нығайтудағы тарихи және стратегиялық маңызын кеңінен насихаттау. Сондай-ақ, мемлекет пен қоғам өмірінде Конституцияның айрықша рөлін түсіндіру.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар Астананың қалыптасу тарихы, оның еліміздің саяси, экономикалық және мәдени дамуындағы орны, сондай-ақ Қазақстан Конституциясының азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі маңызы туралы мазмұнды пікір алмасты. Сонымен қатар, жастар арасында заңға құрмет, азаматтық жауапкершілік, патриотизм және ұлттық құндылықтарды дәріптеудің өзектілігі кеңінен талқыланды.
Жиынға қатысқан студенттер өз ой-пікірлерін еркін білдіріп, Конституцияда бекітілген қағидаттардың қоғамның тұрақты дамуы мен ел бірлігін сақтаудағы маңызын атап өтті.
Кездесу барысында университет жастары құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған осындай танымдық іс-шаралардың тәрбиелік мәні зор екенін айтып, оларды тұрақты түрде ұйымдастырудың маңызына тоқталды.