БАСКЕТБОЛШЫ ҚЫЗДАРЫМЫЗ СТУДЕНТТІК СПОРТ ЛИГАСЫНДА ЖЕҢІМПАЗДАР ҚАТАРЫНАН КӨРІНДІ

  • 31.05.2024
  • KZ

image

Университетіміздің спортшы қыздары ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен Астана қаласындағы Назарбаев университетінде өтіп жатқан Студенттік спорт лигасында баскетбол 3х3 спорт түрінен жеңімпаздар қатарынан көрінді. 

Айтулы спорттық додаға 54 жоғары оқу орынынан 700-ден аса студент қатысты. Жалпы саны 16 команда үстел теннисі, қазақ күресі, шахмат, тоғызқұмалақ, баскетбол (әйелдер және ерлер), жүзу, кикбоксинг, таеквондо спорт түрлерінен өзара бақ сынасып жатыр. 

Бүгін баскетбол спортынан қыздар арасындағы жарыс өз мәресіне жетті. Сайыс нәтижесі бойынша, оқу ордамыздың студенттері жалпы командалық есепте ІІ орынды иеленді.

Команда құрамында сайысқан студенттеріміз: Айерке Есқараева, Диана Сейтенова, Арина Губенко, Анель Асылбек. Ал құрама жаттықтырушысы - Мария Куценка.

Жеңімпаз атанған спортшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!