❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC

НҰРЛАН ӘБДІРОВ УНИВЕРСИТЕТТЕГІ №133 САЙЛАУ УЧАСКЕСІНІҢ ДАЙЫНДЫҒЫМЕН ТАНЫСТЫ

  • 07.08.2026
  • KZ
  • 55

image

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров 23 тамыз күні өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық жұмыстарымен танысу мақсатында Түркістан облысына инспекциялық сапармен келді. Сапар аясында ол оқу ордамыздағы №133 сайлау учаскесіне арнайы ат басын бұрды.

Құрметті қонақты ректор Жанар Темірбекова қарсы алып, сайлау учаскесінің дайындығымен таныстырды.

Айта кетейік, Орталық сайлау комиссиясының мүшелері мен аппарат қызметкерлері сайлауға дайындық барысын зерделеу мақсатында еліміздің 20 өңіріне инспекциялық сапар жүргізуде.

Сапар барысында Нұрлан Әбдіров №133 сайлау учаскесінің материалдық-техникалық қамтамасыз етілу деңгейін, сайлаушыларды ақпараттандыру жұмыстарының ұйымдастырылуын және дауыс беру процесіне жасалған жағдайларды бағалады. Сонымен қатар, аумақтық сайлау комиссияларының қызметіне, оның ішінде комиссия мүшелерін оқыту және даярлау жұмыстарына ерекше назар аударды.

Жиын барысында қазіргі сайлау науқанының ерекшеліктері, сайлау заңнамасы талаптарының бірізді орындалуы, дауыс беру күні сайлау комиссияларының жұмысын тиімді ұйымдастыру, сондай-ақ сайлау процесінің ашықтығы, жариялылығы мен заңдылығын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Кездесу соңында сайлау учаскесінің дайындығы пысықталып, Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров оң бағасын берді.