ОҚУ ОРДАМЫЗДЫҢ БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҒЫ: ЕРТЕГІЛЕР ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ

  • 01.06.2024
  • KZ

image

1-маусым –Халықаралық балаларды қорғау күні. Айтулы мерекеге орай университетімізде балаларға арналған «Ертегілер әлеміне саяхат!» атты қойылым кеші өтті.

Балалар – әлемдегі ең таза, ақ пейілді, өмірге бақыт пен қуаныш, шат-шадымен күлкі мен жылулық сыйлаушылар. Оларды қорғау, қамқор болу - әр адамның, отбасының парызы. 

Көңілді кешке оқу ордамыздың оқытушы-профессорлар құрамы мен қызметкерлерінің кішкентай бүлдіршіндері мен жазғы демалыстарын бастаған мектеп жасындағы балалар қатысты. Оқу орда бүгінгі мерекенің басты қонақтары, балаларды тәттілермен арнайы күтіп алды.

Жиында сөз бастаған университетіміздің әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Асқар Тұрғанбаев балаларды мерекелерімен құттықтап, ақ тілегін арнады.

Кеш шымылдығы композитор Алан Менкенің «Аладдин» мюзиклімен түрілді. Актерлік өнер мамандығының 2-курс студенттері сахналаған бұл мюзикл балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. 

Балалар топқа бөлініп, қызықты ойындар арқылы сайысқа түсті. Түрлі сауалдарға жауап беріп, би билеп, ән салды. Жеңімпаз бүлдіршіндерге сыйлықтар табысталды.

Сондай-ақ,әлемге әйгілі Would Disney туындыларынан: «Арыстан патша», «Сиқырлы әлем», «Сұлу мен Құбыжық», «Рапунцель», «Күлше қыз» сынды ертегілерден үзінділер сахналанып, әндері шырқалды. Бүлдіршіндер «Алдар көсе» биін тамашалады.

Мерекелік іс-шара соңында еретегі әлеміне саяхаттаған кішкентай көрермендер керемет көңіл-күймен тарқасты.