ОҚУ ОРДАМЫЗДА ҚАЗАҚСТАН ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ XII ЖАЗҒЫ ГИМНАЗИАДАСЫ БАСТАЛДЫ

  • 06.06.2024
  • KZ

image

Бүгін университетімізде Қазақстан оқушыларының XII жазғы Гимназиадасының ашылу салтанаты өтті. Айтулы сайыс ҚР Оқу-ағарту министрлігі  мен  Ұлттық-Ғылыми практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асуда. 

Басты мақсат – дене шынықтыру мен спортты одан әрі жаппай дамыту, оқушылар арасында патриоттық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын қалыптастыру. 

Ашылу салтанатында сөз бастаған университетіміздің әлеуметтік-мәселелер вице-ректоры Асқар Тұрғанбаев барша командаға сәттілік тіледі. 

«Құрметті жас спортшылар, Түркістанға қош келдіңіздер! Облысымызда осы спорттық сайысты өткізуге шешім қабылдаған ҚР Оқу-ағарту министрлігі  мен  Ұлттық-Ғылыми практикалық дене тәрбиесі орталығына алғыс білдіреміз»,- деді Асқар Тұрғанбаев. Сонымен қатар, оқушыларды мектепті аяқтағаннан кейін университетімізге оқуға шақырды. Спорт, дене шынықтыру бағытын таңдаушыларға оқу ордамыздың  ұсынар мол мүмкіндіктерін айтты. 

Гимназиадаға Алматы,  Шымкент, Атырау, Түркістан, Маңғыстау, Қостанай, Жамбыл, Қарағанды өңірлерінен келген командалар қатысуда. 

Спорттық додаға қатысушы командалар: ерлер және қыздар арасында дзюдо мен самбо және белбеу күресі мен волейбол спорт түрлерінен өзара сайысқа түсетін болады.

Айта кетейік, гимназиада 19-маусымға дейін жалғасады. Республикалық кезеңде жеңіске жеткен оқушылар Бахрейн әмірлігінде өтетін Дүниежүзілік оқушылар арасындағы гимназиадаға жолдама алады.