1-курс білім алушыларын қарсы алу және факультетпен таныстыру іс-шарасы өтті



Жаңа оқу жылының басталуына орай 1-курс білім алушыларын қарсы алу рәсімі ұйымдастырылып, студенттерге факультет, кафедралар, оқу үдерісі және университеттің ішкі тәртібі туралы ақпарат берілді.
Іс-шара барысында білім алушыларға жаңа оқу жылында сәттілік тілеп, университет қабырғасында білім алып, кәсіби тұрғыда дамуына бағыт-бағдар берілді.
Қош келдіңіздер, 1-курс! Жаңа оқу жылында толағай табыстар тілейміз!