❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

УНИВЕРСИТЕТТЕ 9-ҚЫРКҮЙЕК – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ КҮНІ ӨТТІ

  • 09.09.2026
  • KZ
  • 6

image
Оқу ордамызда 9-қыркүйек – Дүниежүзілік тоғызқұмалақ күніне орай жаңадан ашылған саябақта спорттық-танымдық шара өтті.
Іс-шараға ректор Жанар Темірбекова мен ректор өкілі Пейами Баттал бастаған вице-ректорлар, декандар және оқытушылар мен студенттер қатысты.
Айта кетейік, жиынды Спорт факультеті, Спорт сауықтыру орталығы және Түркі халықтарының зияткерлік ойындары (ғылыми-тәжірибелік) орталығы бірлесе ұйымдастырды.
Басты мақсат – түркі халықтарына ортақ ұлттық зияткерлік ойын тоғызқұмалақты жастар арасында насихаттау және дәріптеу. Сондай-ақ, ұлтық құндылықтарымыз ұлттық ойын мен ұлттық киімді ұлықтау.
Шара барысында ұйымдастырушылар қатысушыларға тоғызқұмалақ ойынының қыр-сырын түсіндірді. Ал, тәжірибелі ойыншылар студенттер мен оқытушыларға зияткерлік ойынды үйретті.
Сонымен қатар, Түркі әлемі жастары мен оқытушылары да тоғызқұмалақ зияткерлік ойынын ойнау арқылы стратегияны дамыту, қорғана отырып, шабуылдау шеберліктерін меңгерді.
Саябақтағы спорттық-танымдық шара қатысушыларға зияткерлік демалыс ретінде әсер қалдырды. Күнделікті қарбаластан бір сәт сергіп, логикалық ойлау қабілеттерін шыңдады. Әрі ұлттық спорт тоғызқұмалаққа деген қызығушылықтарын арттырды.
Осылайша ұлттық құндылықтарымызды ұлықтаған университет ұжымы, 9-қыркүйек – Дүниежүзілік тоғызқұмалақ күнін атап өтті.