АМЕРИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ТӘЖІРИБЕСІ УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕ



Америка Құрама Штаттарынан келген Fulbright English Teaching Assistant бағдарламасының стипендиаты Мариям Мухтарова осы оқу жылында студенттерге өз тәжірибесін бөліседі.
Мариям Мухтарова – АҚШ Мемлекеттік департаменті мен халықаралық білім беру институтының (IE) шешімімен Қазақстандағы студенттер мен оқытушылар және жастардың ағылшын тілін жетілдіру жөніндегі қызметі үшін Фулбрайт стипендиясына ие болған. Ол ендігі кезекте, Филология факультеті, «Педагогикалық шетел тілдері» кафедрасында 1 жыл студенттерге дәріс береді. Сондай-ақ, студенттер мен ОПҚ-ның ағылшын тілінен сөйлеу дағдыларын дамытуға көмектеседі.
Мариям Мухтарованы Академиялық мәселелер вице-ректоры Эльмира Идрисова қарсы алды.
Жиын барысында вице-ректор Мариям Мухтарованы университетімізде көргеніне қуанышты екенін жеткізді. Ісіне сәттілік тілеп, оның алдағы қызметі студенттер мен оқытушылар үшін пайдалы болатынына сенім білдірді.
Айта кетейік, Мариям Мухтарова алдағы уақытта Fulbright English Teaching Assistant program бағдарламасының стипендиаты ретінде студенттерге арналған ағылшын тілінде сөйлесу клубтарын, оқыту семинарлары мен АҚШ мәдениеті, тарихы, географиясымен танысу сабақтарын өткізеді. Сондай-ақ, университеттің ағылшын тілі оқытушыларымен тәжірибе алмасып, білім беру бағытындағы бірлескен жұмыстарға үлес қосады.