БОТАНИКАЛЫҚ БАҚТЫҢ ДӘМІ

  • 05.06.2024
  • KZ

image

Бүгін университет факультеттерінің деканаттарына ботаникалық бақтың дәмі ұсынылды.

Мамыражай көктемнің соңы мен күншуақты жаз мезгілі — оқу орнымызға қарасты ботаникалық бағымыз үшін жеміс ағаштары өнім беретін молшылық кезеңі.

Биыл да ерекше күтіммен бапталған жеміс ағаштары өнімдерімен қуантты.

Алғаш піскен жеміс-жидектердің бірі - шие! Ауруды басатын қасиетке ие бұл жидекті теріп алу жұмыстарына ботаникалық бақ қызметкерлері жауапкершілікпен қарады. 

Жеміс ағаштары араға 2-3 жыл салып демалатыны белгілі. Сондықтан биыл бағымыздағы шие ағаштары да аз өнім берді. Десе де, қолда бар жидекті мүмкіндігінше ұжыммен бөлісуге шешім қабылданды. 

Осылайша, жиналған өнім сұрыпталып, одан әрі Орталық асханаға жіберілді. Онда асхана қызметкерлері шиеден тәтті сусын дайындады. 

Бүгін ботаникалық бақ өнімінен дайындалған тәтті, әрі жаздың аптап ыстығында таптырмас сусын дәм тату үшін деканаттарға таратылды. Ерекше тартуды Орталық асхана мамандары арнайы жеткізді.