УНИВЕРСИТЕТІМІЗ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ СУБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ АККРЕДИТТЕУДЕН ӨТТІ



ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі оқу ордамызды «Ғылым және технологиялық саясат туралы» ҚР Заңының 27-бабына сәйкес ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде 5 жыл мерзімге аккредиттеді.
Аккредиттеу университетімізге мемлекеттік бюджеттен, халықаралық ұйымдар мен қорлардан, кәсіпкерлерден, үкіметтік емес қорлар мен ұйымдардан қаржыландырылатын ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға қатысуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру жобалары бойынша конкурстарға қатысуға жол ашады.
Бұл жетістік – университетімізде ғылымды дамыту және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу бағытында атқарылған жүйелі жұмыстың нәтижесі.