Оқу ордамыздың ашық спорт алаңында Дүниежүзілік тазалық күні және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында эко-акция өтті.
Басты мақсат – қоршаған ортаны қоқыстан тазарту және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге үлес қосу. Сондай-ақ, студенттер арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Айта кетейік, сенбілікті Экономика және басқару факультеті мен Тұрақты даму ғылыми-зерттеу орталығы бірлесе ұйымдастырды.
Эко-акция барысында Жауапты хатшы м.а. Эндер Сайын: «Дүниежүзілік тазалық күні – жаһандық экологиялық бастама. Дүниежүзілік тазалық күні аясында университетімізде жыл сайын қыркүйек айында аумақты абаттандыру және тазалық жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, университет аумағында тазалықты сақтау мақсатында жыл бойы түрлі сенбіліктер мен экологиялық акциялар тұрақты түрде ұйымдастырылады. Қоршаған ортаның тазалығына оқытушылар мен студенттер үнемі жауапкершілікпен қарап, өз үлестерін қосып келеді. Сондықтан бүгін тазалық жұмыстарына атсалысып жатқан баршаңызға алғыс айтамын», - деді.
Осылайша, оқытушылар мен студенттер тазалық жұмыстарына кірісіп, спорт алаңын қоқыстан толықтай тазартты. Сондай-ақ, эко-белсенділер игі бастаманы басқа факультеттер мен университет студенттеріне челлендж ретінде жолдады. Әрі «Таза Қазақстанды» қалыптастыруға ортақ жауапкершілікпен қарауға шақырды.