❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

ИТАЛИЯҒА ЖОЛДАМА: УНИВЕРСИТЕТІМІЗДІҢ ЕКІ КОМАНДАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНГРЕСС ФИНАЛЫНА ӨТТІ

  • 21.09.2026
  • KZ
  • 17

image

Астана қаласында өткен «ITECX – Fibonacci International Congress on Engineering, Technology and Mathematics» халықаралық ғылыми конгресінде Физика кафедрасы білім алушыларынан құралған екі команданың ғылыми жобалары үздік деп танылып, Италияда өтетін халықаралық финалдық кезеңге жолдама алды.

Конгресс барысында білім алушылар өздерінің ғылыми идеяларын, инженерлік шешімдерін және әзірлеген практикалық өнімдерін халықаралық сарапшылар алдында таныстырып, жобалардың ғылыми және қолданбалы маңызын көрсетті.

Бірінші команда құрамындағы Берік Қалдар, Таңат Нәсен, Шукур Абдужаппаров, Зафар Балтабаев «HVOF әдісімен алынған жабындардың микроқұрылымы, фазалық құрамы және трибологиялық қасиеттері» тақырыбындағы ғылыми жобаны ұсынды. Студенттерімізге PhD, ғылыми жетекші Қажымұқан Келесбаев жетекшілік етті.

Екінші команда құрамындағы Бақберген Шүкірбай, Бибарыс Ермекұлы, Бекарыс Тулеутаев, Алишер Сулейманов, Мақсат Сайдазим «Arduino және жасанды интеллект негізіндегі STEM өнімдерін әзірлеу және тиімділігін зерттеу» тақырыбындағы ғылыми жобаны қорғады. Командады PhD, профессор м.а. Шерзод Раманкулов дайындады.

Сарапшылар суденттеріміздің жұмыстарын жоғары бағалап, финалдық кезеңге жолдама берді. Жеңімпаз командалар қараша айында Италияның Рим қаласында өтетін халықаралық финалда университет пен Қазақстан атынан өз ғылыми жобаларын таныстырады.

Аталған жетістік – университетте студенттік ғылымды қолдау, STEM білім беруді дамыту, білім алушылардың зерттеушілік және инженерлік құзыреттерін қалыптастыру бағытында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстардың нәтижесі.

Сонымен қатар, бұл жобалар ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің қаржыландыруымен жүзеге асырылатын ғылыми жобалар аясындағы жұмыстармен сабақтасып жатыр.

Жас зерттеушілеріміз бен олардың ғылыми жетекшілерін айтулы жетістігімен құттықтай отырып, Италиядағы халықаралық финалда сәттілік тілейміз!