❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

Жалпыұлттық аза тұту күніне арналған тағылымды іс-шара өтті

  • 25.09.2026
  • KZ
  • 970

image

 

Жалпыұлттық аза тұту күніне орай ЗҚҚ-611 тобының ұйымдастыруымен тағылымы мол іс-шара өткізілді.

Іс-шараны ұйымдастыруға топ тәлімгері Першеев Алишер Сапарбекович жетекшілік етіп, қатысушыларға жалпыұлттық аза тұтудың мәні мен маңызын түсіндірді.

Іс-шара барысында Маңғыстау облысында әскери қызмет барысында қаза болған азаматтардың рухына тағзым жасалып, олардың ерлігі мен ел алдындағы қызметі еске алынды.

Жиынға қатысушылар қаза болған азаматтарды бір минут үнсіздікпен еске алып, олардың отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты.

Бұл іс-шара – ел үшін қаза болған азаматтардың есімін ұлықтап, олардың ерлігін кейінгі ұрпаққа жеткізуге бағытталған маңызды қадам.

Қаза болғандардың рухына тағзым!
Ерлік – ел есінде!