❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

«ҒАСЫРЛАР ПЕРНЕСІ» – ҰЛТТЫҚ МУЗЫКА МҰРАСЫНА ТАҒЗЫМ

  • 28.09.2026
  • KZ
  • 22

image
Оқу ордамызда Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармониясымен жасалған шығармашылық ынтымақтастық туралы меморандум аясында «Ғасырлар пернесі» атты концерт өтті.
 
Шараның мақсаты – қазақтың кәсіби музыка өнері мен ұлттық мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті тұлғалардың шығармашылық мұрасын дәріптеп, оны кейінгі ұрпаққа насихаттау.
 
Музыкалық кеш қазақ өнерінің көрнекті өкілдері – академик Ахмет Жұбанов пен композитор, дирижер Латиф Хамидидің туғанына 120 жыл, күйші-композитор, дәулескер домбырашы Дина Нұрпейісованың туғанына 165 жыл, әйгілі опера әншісі, КСРО және Қазақстанның халық әртісі Ермек Серкебаевтың туғанына 100 жыл және күйші, Қазақстанның халық әртісі Қаршыға Ахмедияровтың туғанына 80 жыл толуына орай ұйымдастырылды.
 
Концертте мерейтой иелерінің шығармалары орындалып, олардың қазақ музыка өнеріндегі өзіндік қолтаңбасын кеңінен таныстырды. Күй, ән және оркестрлік туындылар кештің музыкалық мазмұнын толықтырды.
 
Музыкалық шығармаларды Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармониясының «Сүгір» атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестрі сүйемелдеді. Кешке филармония әншілері мен «Шабыт» студенттік хоры қатысты.
 
«Ғасырлар пернесі» концерті – ұлттық музыка өнерінің көрнекті тұлғаларының шығармаларын бір сахнада тоғыстырып, олардың туындыларын кеңінен танытуға мүмкіндік берген мәдени жоба.
 
Шара барысында орындаушылардың кәсіби шеберлігі мен дәстүрлі музыканың әуезі үйлесім тауып, көрерменге мазмұнды концерттік бағдарлама ұсынды.