❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

ӨКІЛЕТТІ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ УНИВЕРСИТЕТ НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

  • 06.10.2026
  • KZ
  • 38

image

Өкілетті Кеңес төрағасы, профессор, доктор Хүсейін Караман оқу ордамызға кезекті жұмыс сапары барысында Кентау кампусын, Филология факультетін және Ботаникалық бақты аралады.

Профессор, доктор Хүсейін Караман Кентау кампусында болып, Инженерия факультетінің студенттері және Дайындық орталығының тыңдаушыларымен кездесті. Білім алушыларға жасалған жағдайлармен танысып, оқу аудиторияларын аралады және дәрістерге қатысты. Сондай-ақ студенттермен және тыңдаушылармен тіл үйрену мен оқу үдерісі туралы әңгімелесті.

Өкілетті Кеңес төрағасы Филология факультетінің жұмысымен де танысып, жастарға жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.

Бұдан әрі профессор, доктор Хүсейін Караман университетіміздің Ботаникалық бағына да арнайы барып, оның аумағын аралады. Мұнда Өкілетті Кеңес төрағасы ағаш егіп, университеттің жасыл аймағын толықтыруға өз үлесін қосты.

Жұмыс сапары барысында Өкілетті Кеңес төрағасы Хүсейін Караман университет ұжымының еңбегі мен білім алушылардың оқуына жасалған жағдайларға назар аударып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.