❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

Діни экстремизмнің алдын алу: қауіпсіздік және жауапкершілік

  • 08.10.2026
  • KZ
  • 132

image

08.10.2026 ж. күні №8 Нәзір Төреқұлов атындағы мектеп ұжымы мен мектептің жоғары сынып оқушылары «Діни экстремизмнің алдын алу: қауіпсіздік және жауапкершілік» тақырыбында Ясауитану ғылыми-зерттеу институтының директоры, теология докторы (PhD), қауымд. проф. м. а. Сайфунов Бауыржанмен тәрбиелік танымдық кездесу өткізді.
Іс-шараның мақсаты – жастарды жат мәдениеттен сақтандыру, діни экстремизм мен радикалды идеологиялардың алдын алу, төл дүниетаным туралы түсінігін кеңейту, діни сауаттылығын арттыру, сыни ойлау қабілетін дамыту және ақпараттық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру. Іс-шара барысында жастардың қоғам алдындағы азаматтық жауапкершілігін нығайту, діни мәселелерге қатысты ақпаратты саралай білу дағдыларын жетілдіру және деструктивті діни ағымдардың ықпалына қарсы тұрудың маңыздылығын түсіндірілді.