❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
P

Ұстаздық – ұлы еңбек

  • 09.10.2026
  • KZ
  • 272

image

2026 жылғы 9 қазанда кафедрамызға қарасты ФТУ-511 А, ФТУ-511 Б және ФТУ-611 топтарының ұйымдастыруымен (топ тәлімгерлері Л.Алиева және М.Молдашева ) «Ұстаздық – ұлы еңбек» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – ұстаздық мамандықтың қоғамдағы маңызын айқындау, педагог мәртебесін дәріптеу, білім алушылардың бойында ұстазға деген құрмет пен ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.

Ұстаз – жас ұрпаққа білім мен тәрбие беріп қана қоймай, олардың тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін, болашаққа бағыт-бағдар беретін ерекше тұлға. Ұстаз еңбегі – ұлт болашағына салынған инвестиция, ал шәкірт жетістігі – ұстаз еңбегінің жемісі.

Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар студенттердің кәсіби көзқарасын қалыптастырып, рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайтуға ықпал етеді.

Ұстазға құрмет – ұрпаққа құрмет! Ұстаз еңбегі әрдайым ұлық!