Ұстаздар күніне орай құттықтау



Ұстаздар күніне қарсаңында кафедрамыздың профессоры, талай буын шәкірт тәрбиелеген ұлағатты ардагер ұстазымыз, профессор Абдуллаһ Сонсуз мырзаны ерекше мерекесімен құттықтадық. АбдуллаҺ мырза - парасаты мен қарапайымдылығы тоғысқан дара тұлға. Ол кісінің әрбір дәрісі, берген ақыл-кеңесі мен кафедрамызға қосқан үлесі - біз үшін әрдайым үлгі-өнеге. Құрметті АбдуллаҺ Сонсуз мырза! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық пен береке тілейміз. Ардагер ұстазымыз аман болсын!