ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ СТУДЕНТТЕРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ!



Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Заң факультетінің 1-курс студенттері «Жас Ғалым – 2026» халықаралық жас ғалымдардың ғылыми жобалар байқауында ІІ орын иеленіп, жоғары нәтиже көрсетті.
Студенттердің ғылыми жетекшісі – Заң факультеті, Конституциялық құқық және азаматтық құқық кафедрасының оқытушысы Утеғалиева Камила Исағалиқызы.
Бұл жетістік – студенттеріміздің ғылыми әлеуеті мен зерттеушілік қабілетінің, сондай-ақ факультетте жас ғалымдарды даярлау бағытында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстың нәтижесі.
Жас зерттеушілерімізді халықаралық деңгейдегі жетістіктерімен құттықтап, ғылым жолында толағай табыстар тілейміз!